«Антикор-орталығында» брифинг өтті.  Онда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне кәсіпкерлікті қолдау мақсатында енгізілген «Бизнеске жол» жобасы аясында атқарылған жұмыстар туралы айтылды.
Департамент «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, аталған жоба негізінде жергілікті кәсіпкерлердің заңды мүдделерін қорғау және бизнестің дамуына қалыптасқан негізсіз кедергілерді болдырмау бағытында тиісті жұмыстар ұйымдастырып, жүргізіп келеді.
Апта сайын «Атамекен» палатасы алаңында кіші және орта бизнес өкілдерін жеке қабылдау жүргізілуде. Жалпы, жобаны іске асыру басталғалы 300-ден астам кәсіпкерді қамтыған 26 кездесу өткізілді. Проблемалық мәселелерді талдау мақсатында әлеуметтік желілерде, оның ішінде «Атамекен» палатасының интернет-ресурстарында кері байланыс арналары іске қосылған.
Кәсіпкерлермен жиі көтерілетін мәселелердің ішінде, жер учаскелерін пайдалану мерзімін ұзарту, бизнес жүргізу барысында жергілікті атқарушы органдардан түрлі келісімдер алу, атқарылған жұмыстары үшін тиесілі қаражатын алалмау т.б. бар. Жалпы бүгінгі күні «Бизнеске жол» жобасы аясында 188 кәсіпкердің заңды мүдделері қорғалып, жұмысының дамуына ықпал жасалды.

 

БӨЛІСУ