Бүгін Жалағаш ауданы бойынша «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру туралы ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

«Ауыл аманаты» жобасын іске асыру үшін 2023 жылға облысқа 3 млрд. теңге қаржы қаралды.

Қаржыландыру бағыттары:
1. Өңдеу саласына қатысты жобаларды қаржыландыру (жылыжайлар, сүт, ет өндірісі, құс және балық шаруашылығы)
2. Өсімдік шаруашылығын дамыту
3. Ауыл шаруашылығы кооперативтерін жабдықтау
4. Мал шаруашылығын дамыту
5. Басқа бағыттағы бизнес жобалар

Негізгі талаптары:
1. Несие алушының жеке кәсіпкер болып тіркелуі;
2. Басқа да несиелер бойынша мерзімі өткен жарнаның болмауы;
3. Мемлекеттік кірістер органдар алдында берешектің болмауы;
4. Несие алушының жасы зейнеткерлік жастан аспауы тиіс;
5. Несиені кепілмен қамтамасыз ету;
6. Ауыл шаруашылығын жүргізу үшін қажетті жағдайлардың болуы (жер телімі, қора және т.б.);
7. ӘКК-мен бірлесе құрылған ауыл шаруашылық өндірістік кооперативіне мүшелікке кіру;
8. Қаржыландырылған жоба аясындағы өндірілген өнімді ауыл шаруашылық өндірістік кооперативке өткізу.

БӨЛІСУ