Кәсіпкерлердің қызметіне заңсыз араласуды болдырмау прокуратура бақылауында.
Қызылорда облысының прокуратурсымен кәсіпкерлік ортадағы жүйелі мәселелерді, әкімшілік кедергілерді және бизнес өкілдеріне қысым көрсетуді анықтау мақсатында бизнес өкілдерімен кездесу тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Кезекті кездесу барысында Қызылорда қаласында орналасқан қоғамдық тамақтандыру орындарының өкілдері полиция органдарының Кальянды, яғни Қорқорды тұтынуды анықтау мақсатындағы тексерістеріне шағым білдірді.
Зерделеумен бұл бағыттағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру санитариялық-эпидемтологиялық бақылау органдарының құзыретіне жататыны анықталды.
Осылайша Полиция органдары кәсіпкерлік субъектілеріне заңсыз тексеріс жүргізіп, негізсіз әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны анықталды.
Аталған мәселені талқылап, полиция органдарының бизнеске заңсыз араласуын болдырмауға шаралар белгілеу мақсатында мәжіліс өткізілді.
Мәжіліске Қоғамдық тамақтану нысандарының өкілдері, облыстық полиция департаментінің, қалалық полиция басқармасының, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, қалалық басқармасының, Кәсіпкерлер палатасының басшылары қатысты.
Негізінен «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің талаптарына сәйкес қоғамдық тамақтандыру орындарында Қорқор тұтынуға тыйым салынған, тек осы насандардағы Денсаулық сақтау министрінің 10.12.2020ж. №246/2020 бұйрығымен бекітілген талаптарға сәйкес келетін арнайы бөлінген орындарда тұтынуға рұқсат және бұл саладағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарына жүктелген.
Алайда полиция қызметкерлері қоғамдық тамақтандыру орындарын аралап, анықтағлан жағдайда Қорқорды тұтынған адамға ӘҚБтК-тің 441-баптың 1-тармағымен хаттама толтырып, одан әрі тексеру әрекетін жүргізіп, кафе иесіне ӘҚБтК-тің 441-баптың 3-тармағымен хаттама толтырған.
Осылайша полиция қызметкерлері кәсіпкерлік нысандарға тексеріс жүргізудің тәртібін бұзып, кәсіп иелерін негізсіз әкімшілік жауаптылыққа тартылған.
Жиналыс қорытындысымен Полиция органына «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» Заңының 6-бабы 2-тармағында көзделген негіздер болған жағдайда кәсіпкерлік нысандарға қарап тексеру жүргізу, Қорқорды тыйым салынған жерде тұтыну фактілерін растайтын құжаттардың (хаттама, түсінік, фото-бейне жазбалар) көшірмелері тіркелген жолданыммен мемлекеттік бақылау жүргізіп, ӘҚБтК-тің 425-бабымен әкімшілік жауаптылығын шешу үшін Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарына жүгіну белгіленді.
Сонымен қатар Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп облыс көлемінде бір айлық мерзімде қорқорды пайдалануға салынған тыйымдар мен пайдалану тәртібін реттейтін талаптарға түсіндірме жүргізу ұсынылды.
Сонымен қатар жыл басында мемлекеттік кірістер органдарының мәмілелерді жарамсыз деп танумен байланысты сотқа жаппай жүгіну әрекетіне шағымдарын білдірген болатын.
Бұл мәселені де зерделеп, Мемлекеттік кірістер органдарының жеткілікті дәлелсіз кәсіпкерлерді сот процесіне тартылып келгені анықталды.
Мысалы өткен жылы салық органдары 500 кәсіпкердің мәмілелерін жарамсыз деп тану туралы сотқа 315 талап арыз беріліп, оның жартысына жуығы мемлекеттік кірістер органдарының пайдасына шешілмеген. Бұл өз кезегінде 200-ден астам кәсіпкердің қалыпты жұмысына кері әсерін тигізген.
Сондықтан кәсіпкерлерді сотқа негізсіз тартуды болдырмау мақсатында Прокуратура, Мемлекеттік кірістер органы, Кәсіпкерлер палатасы болып үш жақты меморандумға қол қойылды.
Меморандумға сәйкес мемлекеттік кірістер органдары сотқа жүгінбес бұрын үш органның өкілдерінен құралған комиссияның отырысында қаралып, жеткілікті негіздер болған жағдайда сот органдарына талаппен жүгінетін болды.
Жалпы ағымдағы жылдың 1 тоқсанында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласында 25 прокурорлық қадағалау актісі енгізілді, қаралу қорытындысымен 306 актінің, 93 әкімшілік хаттамалардың күші жойылды, 500 кәсіпкердің құқығы қорғалып, 68 кәсіпкерге тиесілі 53 млн. теңге қаржысы өндірілді.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында облыстың барлық прокуратура органдарында кәсіпкерлердің шағымдарына жедел әрекет ететін мобильді топтардың жұмысы жүргізілуде.
Байланыс нөмерлері прокуратураның, әкімдіктің ресми сайттарында орналастырылған және оның жұмысы туралы әлеуметтік желілерде кеңінен таратылуда.
Ағымдағы жылдың 1-тоқсанында осы мобильді топтарға кәсіпкерлерден 124 сигнал түсті, оның 70-не заң талаптары түсіндірілсе, 54 шағым өз дәлелін тапты. Қолданылған қадағалау актісімен 54 кәсіпкерге тиесілі 26,1 млн. теңге мемлекеттік сатып алу шартының орындалуын қамтамасыз ету қаржысы өндіріліп берілді.
Сонымен қатар Прокуратурамен Мемлекеттік кірістер органдарының «Түбіртекті талап ет» пилоттық жобасының іске асырылуы талданды.
Пилоттық жоба бойынша дүкенге барған тұтынушы сатып алған зат үшін чек бермеген жағдайды бейне камераға түсіріп, дүкеннің атауын, орналасқан мекен-жайын көрсетіп, ұялы телефонға жүктелген арнайы бағдарламаның көмегімен хабарлама беру мүмкіндігі қаралған.
Осы пилоттық жоба бойынша 712 дүкенге әкімшілік жаза қолданылған.
Заңдылығын зерделеумен чектің берілмегенін растайтын жеткілікті материалсыз 93 әкімшілік істер анықталып, енгізілген прокурорлық қадағалау актісінің қаралу қорытындысымен күштері жойылды.
Оған қоса осы әкімшілік істердің ішінде 8 жағдайда мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері дүкендерге тексеріс жүргізудің тәртібін бұзғаны анықталып, тиісінше ӘҚБтК-тің 175-бабымен әкімшілік іс қозғалып, негізінен қарау үшін сотқа жолданды.
Бүгінгі күнге 3 салық қызметкеріне осы баппен айыппұл салынса, қалған әкімшілік істер соттың өндірісінде.
Сонымен қатар салықтық берешекті өндіру туралы жеке тұлғаға қатысты қабылдануы тиіс салықтық бұйрықтардың 306 кәсіпкерге заңсыз шағырылғаны анықталып, қолданылған шаралармен аталған бұйрықтардың күші жойылды.