Аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың тапсырмасына сәйкес аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов бастаған қоғамдық тәртіпті бақылауға құрылған рейдтік топ жасөспірімдер көп шоғырланатын нысандарды аралап, түсіндірме жұмыстарын жасап жатыр.

Нақтыласақ, Дәурен Оңғарбайұлы бастаған арнайы топтың өзі екіге бөлінді. Алғашқы құрам Әйтеке би кентіндегі ойын алаңдары, орталық стадион, саябақ, ойын-сауық орталықтары мен көпқабатты үйлердің тұрғындарымен кездесті. Ал екінші топ жастар көптеп бас қосатын компьютер клубтарына, түнгі клуб, кафе, бильярд және тойханалар мен мейрамханаларды аралады.

Аудандағы құқық бұзушылық пен топтық төбелестің алдын алу мақсатында құрылған топтың құрамында аудандық мәслихат депутаттары Нұрғиса Жалғасбаев, Райымбек Булебаев, Есет Табынбаев және қоғамдық даму бөлімінің басшысы Қайрат Әбубәкірұлы бар. Одан бөлек, аудандық полиция бөлімі, мәдениет және спорт бөлімі және жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің қызметкерлері арнайы құрам қатарында болды.

©️Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

БӨЛІСУ