Қызылордада жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы бір аптада 722 құқық бұзушылық анықталды.

Қызылорда қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығында полицейлер тәулік бойы үздіксіз өз жұмыстарын атқарып келеді. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен тәртіпті сақтау мақсатында анықталған құқық бұзушылықтар бойынша жедел жұмыстарды жүзеге асырады. Бір аптада 102 нөмеріне 943 хабарлама келіп түсті.
​Ал Жедел басқару орталығының көмегімен 722 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабымен (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) 280 жүргізуші, 591-бабының 1-бөлігімен (Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады) 75 жүргізуші, 596-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) –8, 600-бабының 1-бөлігімен (Жол жүрісінде басымдықты пайдаланатын көлiк құралдарының жүргiзушiлерiн қоспағанда, жол жүрiсi қағидаларының жаяу жүргiншiлерге немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларына жол беру талаптарын орындамау) 32 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтҚ-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде жүрген) бойынша 14 хаттама рәсімделді. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ортақ пайдаланатын қоғамдық орынды ластау) бойынша 15 құқық бұзушылық анықталып, шара көрілді.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 293-бабымен (Бұзақылық) қылмысы ашылды.
– Біздің орталық өз жұмысын ешқашан кідірткен емес. Сондықтан сеніммен айта аламын, Қызылорда қаласы тұрғындарының тыныш ұйқысы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өз жұмысымызды одан әрі де жалғастыра береміз, – дейді Қызылорда қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының бастығы Берікбол Еримбетов.

БӨЛІСУ