Патрульдік полиция қызметкерлері бір аптада 1361 құқықбұзушылық анықтады.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі бөлімі патрульдік полиция батальоны қызметкерлері жол қауіпсіздігін алдын алу және жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында ауқымды профилактикалық жұмыстарын жүргізуде.
​​Патрульдік полиция батальон қызметкерлері бір аптада 1361 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.
​​Оның ішінде – 6 жүргізуші мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін ұсталды. Мас күйінде көлік жүргізу фактілері бойынша полицейлер әкімшілік хаттамаларын толтырып, материалдары сотқа жолданды. Енді жүргізушілердің масаң күйде автокөлік басқарып құқық бұзғаны дәлелденсе басқару құқығынан айырылуы мүмкін.
Айта кетерлігі, қызылордалық жүргізушілердің «танымал» тәртіп бұзушылықтарының қатарында – қауіпсіздік белдігін тақпаудың – 337 дерегі, автокөлікті басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланудың – 96 дерегі, жаяу жүргіншілердің жүруіне басымдық бермеу – 43 бұзушылық, жаяу жүргіншінің жол ережесін бұзуы – 64 дерегі анықталды.
​Полиция қызметкерлері жүргізушілерді және басқа да жол қозғалысына қатысушыларды жол қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады: жылдамдық режимін және маневр жасау ережелерін бұзбауға, қарсы қозғалыс жолағына шықпауға, қашықтықты сақтауға және ең бастысы, мас күйде көлік басқармауға кеңес береді.
Сонымен қатар, бұл бағыттағы жұмыстар мен құқық бұзушылықпен күрес жалғасуда.

БӨЛІСУ