Аудан орталығы – Әйтеке би кентіндегі абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Соған сәйкес бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш В. Счастнов көшесінің бойындағы абаттандыру жұмыстарымен танысты.

Аудан басшысы жауапты қызметкерлерге жұмыс қарқынын күшейтуді айтты. Сондай-ақ, сапаны да естен шығармауды тапсырды.

Биыл аудан орталығы – Әйтеке би кентіндегі 7 көшеге асфальтталатын болады. Қазір соның ішіндегі Асан қайғы көшесінде қызу жұмыстар жүріп жатыр.

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш Асан қайғы көшесінде мердігер мекеменің жауапты қызметкерлерімен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Көшені жөндеуді мердігер мекеме “Қазалы Жолшы” ЖШС атқаруда. Құрылысына “Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы аясында – 17,5 млн теңге бөлінген.
Аудан басшысы сала мамандарына белгіленген жұмысты асқан жауапкершілікпен бақылап, сапалы аяқтау қажеттігін тапсырды.

©️Қазалы ауданының баспасөз қызметі

БӨЛІСУ