Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбае аудандағы жанар-жағармай бағасы мен қорына байланысты бірнеше жанар-жағармай құю бекеттеріне аялдады.
Аудан басшысы ең әуелі бас қақпаның төменгі жағында орналасқан “ҚазМұнайГаз” май құю бекетіне, мұнан соң, “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” тас жолының бойында орналасқан “TS” бекетіндегі бағаның жайынан, әрбір жолаушыға берілетін жанар-жағармай мөлшерінен хабар алды.
Айта кетейік, ҚР Энергетика министрлігінің мәліметіне көз жүгіртсек, 12 сәуірден бастап бензин бағасы – 11 пайызға, дизель – 20 пайызға өседі деп жоспарланып отыр екен. Соған сәйкес ауданда жұмысшы топ құрылып, бақылау жұмыстарын жасап жатыр.