Сырдария ауданындағы толымды тірлік көптің назарында. Аудан экономикасына тікелей ықпал жасайтын өнеркәсіп саласында оң динамика қалыптасты. Өнеркәсіп өндірісі 4,3 есеге ұлғайса, өңдеу 55,9 пайызға өсті. Ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнімі көлемі орындалып, инвестиция 219 пайызға, тұрғын үй құрылыс жұмыстарының көлемі 1,9 пайызға артып отыр.

Өткен жылы ауданда шаруашылық құрылымдары 33 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырды. Оның ішінде  21 мың гектарға күріш егіліп, аудан бойынша барлығы 133 мың тонна күріш салысы жиналды. Америка, Әзербайжан, Моңғолия, Қырғызстан және Тәжікстан мемлекеттеріне 16 мың тонна ақ күріш экспортталды. Сырдария ауданы аймағымызда ауыл шаруашылық саласындағы «Үздік аудан» атанып, жылды айтулы нәтижемен қорытындылады.

Сонымен қатар, 1019 гектар жерге картоп, көкөністер мен бақшалық дақылдар егіліп, 25 мың тоннаға жуық өнім алынды.

Егін шаруашылығымен бірге, өңір экономикасының негізгі резервінің бірі – мал шаруашылығы да тұрақты дамуда.

2022 жылы 4100 тонна ет, 7133,7 тонна сүт,
191,1 мың дана жұмыртқа өндірілді
.

Ауыл шаруашылығын әртараптандыру бағыты бойынша жалпы 991 гектарға артып отыр.

Атап айтқанда, бидай – 619 гектар, мақсары – 194 гектар, күнбағыс – 2 гектар, картоп – 88 гектар, көкөніс – 19 гектар және бақша өнімдері – 77 гектарды құрады.

2022 жылы «Кеңдала», «Агробизнес», «Іскер» бағдарламалары бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы арқылы 32 шаруашылық құрылымдары егін және мал шаруашылығын дамытуға 311,7 млн теңге несие алды.

Өткен жылы су тапшылығы шаруашылықтарды әбігерге салғаны белгілі. Аймақ басшысы бұл мәселелерді дер кезінде көтеріп, алдын алу шараларын жүргізді. Облыстық бюджеттен 198 млн. теңге қаржы бөлініп облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы 6 каналдың 56,2 шақырымына механикалық тазарту жұмыстары жүргізілді.

Қосымша қажетті 12 дана насос құрылғысы алынып елді мекендерге жеткізілді. Соның нәтижесінде, аудан жоғары межеден шықты.

БӨЛІСУ