Соңғы бір жылда Сырдағы серпіліс санаға сергектік әкелгендей. Ірі-ірі ілкімді істер, жұп-жұмыр жүйелі жобалар қолға алынды. Жасыратыны жоқ кейбірін тіпті армандамағанбыз да. Мәселен заманауи Жылу электр орталығын салу мүмкін еместей көрінетін. Инвестор қайда, аймақтың мүмкіндігі келмейді ғой деген ой кептетілетінді. Қыстың көзі қырауда жылу орталығында апат болған аймақтардың жағдайы да қорқынышты үдетті. Салынғанына 60 жыл болған біздің орталыққа да жаңарту керегі соқырға таяқ ұстатқандай айқын мәселе.
Қалауын тапса қар жанады деп қазақ бекер айтпаса керек. Аймаққа басшылыққа Нұрлыбек Нәлібаев келе сала қолға алған осы мәселенің орайы келуі оңай болмағанын білсек те қарымының қалғымайтына қайран қаласың. Инвесторды Анадолыдан алдырып іргетасын іркілтпей құйған нысанның аймақ үшін маңызы бөлек. Сол қолынан келген басшының ісі ерлік десем артық айтқандық емес.
Аймақта бұдан да бөлек тың жобалар жүзеге асып, ауқымды инвестициялар тартылғаны мәлім. Тіректі салаларда сүбелі қадамдар жасалды.

 Шыны зауыты іске қосылды. Бүгінгі күнге дейін 31,8 мың тонна өнім шығарып, нарыққа үлес қосуда.
“Қорқыт ата” әуежайы терминалының құрылысы басталды.
Өңір оқушыларының сапалы білім алуын қамтамасыз ететін 21 “Жайлы мектептің” құрылысы басталмақ.
300 орындық көпбейінді аурухананың, 27 амбулаторияның құрылысы басталды
Балалар ойын алаңдары мен спорт алаңдарын, әлеуметтік-мәдени нысандар салуға 9 млрд. теңге жеке инвестиция тартты
Көптен күткен Қызылорда-Жезқазған жолының құрлысы басталды.
Ендігі меже, жұмсалар күш Қызылорда–Ақтөбе жолын төрт жолақты етуге бағытталарын ішіміз сезеді. Себебі Үкіметке, тиісті министрлікке күрмеулі мәселені жеткізгенінен хабардармыз. Бұл түйінді де оңтайлы шешсе Нәлібаевтың Сыр тарихындағы айшықты істерінің қатары қалыңдай түсері сөзсіз.
Бүгінгі заман – білектінің емес, білімдінің, яғни, ақыл-ой, қарым бәсекесінің заманы.
Аймағымыз 2022 жылдың қорытындысымен әлеуметтік-экономикалық дамудың макрокөрсеткіштері бойынша республика өңірлері арасында жоғары орындарға көтерілді. Біле білгенге бұл жігер берер жетістік.
Нұрлыбек Машбекұлының әкімдік қызметіне бүгін жыл толды. Және осындай ауыз толтырарлық тындырымды тірлікпен толып отыр. Басталған жобалардың ау-жайын өздеріңіз бағамдай жатарсыздар. Басталатын, жасасам деген жобалары да жоқ емес. Туған жерге туың тік дегенде қазақ осындай қолтаңбаны меңзесе керек. Президент сенім артып, еліңе қызмет қыл деп жіберді. Ол үдеден шығуға халықтың қолдауы, берген батасы, ауызбіршілігі үлкен тірек. Не нәрсені де жұртымен жұмыла көтерген жұтамайды емес пе?!
“Ежелден ел тілегі – ер тілегі,
Адал ұл ер боп туса – ел тірегі” деген ғой Бауыржан Момышұлы.

БӨЛІСУ