Бүгін қала әкімінің орынбасары Жанмұрат Сейіловтың төрағалығымен Қызылорда қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Комиссияның күн тәртібінде 13 мәселе қаралып, ата-аналар
ата-аналық мiндеттерiн орындаудан жалтарып, олардың құқықтарын теріс пайдалануына байланысты ата-аналық құқықтарын шектеу, қамқоршылық тәрбиеге беру, девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернатына жолдау, ата-аналарға әкімшілік шара қолдану, орта білім алу кепілдігін қалпына келтіру, баласынан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзеге асыру және жасөспірімдер тарапынан орын алған құқық бұзушылық мәселелері талқыланды.
Комиссия төрағасы Жанмұрат Жақсымұратұлы кәмелетке толмағандардың профилактикасын күшейту мақсатында сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Комиссия тарапынан кәмелетке толмағандардың мәселесі бойынша балалардың пікірлері ескеріліп, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында тиісті шешімдер қабылданды.