Бүгін Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев кезектілік тәртібімен жазылған 7 тұрғынды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.
Жеке қабылдауға келген тұрғындар аудан әкіміне өтiнiш-тiлектерiн жеке-жеке жеткізіп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады.
Қабылдауға келгендердің дені жұмыссыздық мәселесін алға тартып, тұрақты жұмысқа орналастыру мәселесімен жүгінді. Сонымен қатар, жер кезегі, тұрғын үй және жеке мәселелер көтерілді.
Тұрғындардың өтiнiштерiн мұқият тыңдаған Мұхтар Әуесұлы азаматтардың тарапынан айтылған мәселелердiң заңдылығына сәйкес, оңтайлы шешiмiн табуы үшiн тиiстi жұмыстар жүргізілетіндігін жеткізіп, сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Жалпы Қазалы ауданында өнеркәсіп өндірісінің көлемі – 20,2 млрд.теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 23,6 пайызға артты. Өндіріс көлемінің басым бөлігін құрайтын өңдеу өнеркәсібінде 25,9 пайызға өсім қалыптасты. Ал аудандағы шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын 6 мыңнан астам азамат 7,5 млрд.теңгенің өнімін өндіріп, көрсеткіш 2,8 пайызға өсті. Жалпы былтыр бұл ауданда жаңадан 25 кәсіпкерлік нысаны бой көтеріп, 47 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Атап айтқанда, ауданның бюджет қазынасы 21,2 млрд.теңгеге бекітіліп, жыл соңында бюджет көлемі 22,6 млрд.теңгеге жетті. Сондай-ақ, ауданда өткен жылы 15,6 млрд.теңгеге жуық инвестиция тарту межеленген болатын. Бұл бағытта атқарылған жұмыстардың нәтижесінде негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 17,6 млрд.теңгені құрап, 38,1 пайызға көбейді. Бұдан бөлек, жалпы құны 25,7 млрд.теңгені құрайтын 41 инвестициялық жоба дайындалды. Алдағы уақытта облыстық басқармалар арқылы тиісті орталық атқарушы органдарға ұсынылатын болады. Қазалыда құрылыс саласы да қарқынды дамып, әлеуметтік маңызы бар бірқатар нысандар ашылды. Атап айтқанда, былтыр жеке сектор есебінен тұрғын үй құрылысына 4,4 млрд.теңге көлемінде инвестиция тартылып, 54 022 шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынды. Нәтижесінде, тұрғын үй қоры 1,8 пайызға көбейді. Сонымен қатар Мұратбаев ауылынан жаңадан ашылған аймақта салынатын тұрғын үйлерді ауыз сумен, газбен және электрмен жабдықтау үшін 251,4 млн.теңге бөлінді. Бұл бағытта тиісті жұмыстар биыл да жалғасуда.

БӨЛІСУ