Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жұмыс сапарымен Қызылқұм ауылдық округіне барды.

Алдымен Кәукей ауылында жаңадан салынып жатқан 100 орындық ауылдық клуб құрылысын көрді. Бұл нысанның құрылысымен «SCSИнжиниринг» ЖШС айналысуда. Бүгінгі күнге іргетасы толық құйылып, ғимарат қабырғаларына кірпіш қалау жұмыстары жүргізілуде.

Аудан басшысы Мұхтар Әуесұлы мердігер мекемеге құрылыстың сапалы жүргізіліп, уақытылы аяқталуы қажет екенін айтты.

Мұнан соң аудан әкімі Кәукей ауылындағы №225 орта мектепке барып, білім беру ошағының жай-күйіне қанықты. Сонымен қатар, Мұхтар Әуесұлы мектеп асханасына соғып, азық-түліктің сапасына, күнделікті ас мәзіріне сәйкес нормалардың сақталуы мен астың сапалы берілуіне қатаң бақылау жасауды тапсырды.

БӨЛІСУ