Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес бүгін қоғамдық көлік тасымалдау қызметіне бақылау жүргізілді. Қала тұрғындарының қоғамдық көлікке деген сұранысын қанағаттандыру және көлік қатынасын дамыту мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Осы жұмыстардың негізінде, бүгінде қоғамдық көлік қызметіне қатысты тұрғындар тарапынан қойылатын сауалдардың саны азайған. Яғни, “Автобус паркі” ЖШС-інің жаңа автобустармен толығуының нәтижесінде қызмет көрсету ауқымы кеңейіп, қалаішілік 6 бағыттан 18 бағытқа артып отыр (1,3,11,12,14,15,17,18,19,20,22,25,28,29,31 және қосымша жүктелген «Ягодка» саяжайы бойынша қызмет көрсетуде).
Тексеру барысында аялдамаларда автобустарын күткен қала тұрғындары №10, 16 бағыттағы қоғамдық көліктердің уақытын сағат 20:00-ге дейін ұзартуды немесе үлкен сыйымдылықтағы автобуспен қамту қажеттігі туралы ұсыныстарын білдірді.