Қазіргі таңда ата-ана мен мектеп арасында байланыс орнатуда бірлестіктер пен ұйымдар бірлесе жұмыс істеуде. Мәселен, «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалына 70 мыңға жуық ата-ана мүшелік етеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының басшысы Шерхан Арапбай мәлімдеді.
Бірлестіктің басты мақсаты – еліміздегі ата-аналар қоғамдастығы арқылы саналы отбасы мәдениетін қалыптастыру.

– Бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде бірлестіктің филиалдары жұмыс істейді. Қызылорда облыстық филиалы 2022 жылдың қазан айынан өз жұмысын бастады. Қазіргі таңда облыс бойынша 7000 астам бірлестік мүшесі бар. Бүгінге дейін 100-ге жуық ата-аналармен кездесу, семинар, ақпараттық жұмыс жүргізілді. Әр филиалда арнайы психологтар жұмыс жасайды. Сондай-ақ, ата-аналармен байланыс орнату үшін колл-орталық құрылды. Оған кез келген ата-ана өз сұрақтарымен хабарласып, жауаптарын алуына мүмкіндігі бар. Бірлестігіміз ата-аналар, балалар, психологтар, мемлекеттік органдармен тығыз қарым-қатынас орнатып, отбасындағы бала тәрбиесі мақсатында үдере жұмыс жасайды. Бүгінгі таңда бірлестіктің қолдауымен Алаш зиялыларының еңбектерін жарыққа шығарып, оқырман қауымға таратуда. «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі елімізде саналы отбасы мәдениетін қалыптастыруда жұмыс жасауын жалғастыра береді, – деді Шерхан Жұмабекұлы.

БӨЛІСУ