Құрылыс саласын одан әрі дамыту, сондай-ақ қазіргі заманғы жағдайда құрылыс өнімінің қауіпсіздігі мен сапасын арттыру мемлекеттің өзекті экономикалық және саяси міндеттері болып табылады.

«АIaqeum eIeсtriс» компаниясының еншілес серіктестігі «КСМ КZ-2022» ЖШС – өңірдегі іргелі кәсіпорынның бірі. Толыққанды заманауи құрылғылармен қамтамасыз етілген, өндіріс қуаты артып, құрылыс саласына қажетті өнімдер өндіруде.

Қазір электp бағандары мен электр тасымалдаy құрылымдарына қажет темiр-бетон бұйымдарын шығарып жатыр. Көпқабатты тұрғын үйлерге арналған 9 метрлік плиталарды шығаруды да алғаш болып қолға алды.

Серіктестiк материалдарына сұраныс жоғары. Зауыттың өндiрiстік-техникалық бөлiм басшысы Аманбай Жұмабековтың айтуынша, өндірiсте 200-ге жуық адам жұмыс iстейді. Мұнда ерлермен қатар әйелдер де еңбек етедi. Кран айдайтындар да, технологтар да – солар. Ісiне жауапкершілікпен қарайды.

– Бізде біраз адам зейнет жасына жетсе де, жұмыс істеп жатыр. Өйткені, кадр тапшылығы бар. Электр дәнекерлеушi, электрик, краншылар керек, – дейді бөлім басшысы.

Өндірілетін өнімдер қатарында көп бөлімді жабын және таспалық фундамент тақталары, қабырға блоктары, темір-бетонды маңдайшалар, дөңгелек темір-бетон шеңберлері, су жүретін трубалар, жол тақталар, жылу жүретін трассалардың лотоктары, резервуар қабырғасының тақталары, жол жиегіндегі тас тақталар секілді өнімдер бар.

– Жылдан жылға өнім түрі көбейіп, нарықтың сұранысына сай жұмыс жасалуда. Осыдан бірнеше жыл бұрын электр бағаналары мен электр тасымалдау құрылымдарына қажетті темір-бетон бұйымдарын шығаруды облыста алғашқы болып қолға алғанбыз. Енді, міне көпқабатты тұрғын үйлерге арналған 9 метрлік плиталарды шығаруды да біздің зауыт бірінші болып өндіріске енгізді. Айта кету керек, зауыттың материалдық-техникалық базасы да жыл өткен сайын жаңарып, бәсекеге қабілеті артып келеді. Құрылғылардың дені Ресейден әкелінген. Бұл жерде жұмысшылардың 30 проценті – қыз-келіншектер. Технолог, инженерлік-техникалық құрам, кранның барлығын игеріп отыр. Жұмыстары өте тиянақты. Ерлермен тең дәрежеде иық тірестіріп, еңбек етуде. Ішкі нарықты толық қамтып отырған зауыт аймақтағы ірі, қуатты «Интегрострой», «Промстройсервис-Е», «Аман-құрылыс», «Асар», «Келешек» серіктестіктері, «ЕрАру» ЖК секілді 34 тапсырыс беруші мекемемен тығыз байланыста. Кәсіпорын алдағы уақытта да өнімділікті арттыруда белсенді еңбек ете береді, – дейді зауыт директоры Азамат Мұханов.

БӨЛІСУ