Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ұйымдастыруымен «1-Инновация» бойынша статистикалық есептіліктің нысандарын дұрыс толтыру және тапсыру» тақырыбы бойынша семинар өтті.

Басқосуды басқарма басшысының орынбасары Ринат Сұлтангереев ашып, облыстың инновациялық даму бағытындағы көрсеткіштерін қалыптастыруда маңызы өте зор екенін атап өтті.

Семинарға облыс кәсіпорындарының басшылары, есепшілері, мұнай компанияларының өкілдері, Индустрияландыру жоба жетекшілері, сондай-ақ ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Қызылорда облысы Статистика Департаментінің қызметкерлері қатысты.

Жыл сайын өңірлерге Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы аясында Инновациялық өнім көлемі және инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі көрсеткіштері бойынша жоспар бекітілген.

2021 жылы облыста барлығы 645 кәсіпорын болса, оның 72-і инновациялық болып табылады. Көрсеткішке қол жеткізу мақсатында басқарма тарапынан жыл сайын статистика органдары, қала, аудан әкімдіктерімен бірлесіп, түсіндерме жұмыстарын өткізіп келеді.

Бұл көрсеткіштер жылына бір рет есептелінеді, 2022 жылдың қорытындысы биылғы жылдың маусым айында жарияланады. Оған дейін қаңтар-ақпан айларында статистика органдары
1-инновация есептілігін қабылдайды.

Семинар барысында облыстық Статистика Департаментінің респонденттер мен әкімшілік дереккөздерге қатысты бақылау және қызмет көрсету статистикасы басқармасының бөлім басшылары Мейрамгуль Сагинбаева, Асель Досжанова баяндама жасады.
Жиынды қорытындылай келе, қатысушылар бірқатар ұсыныстар жасап, статистикалық есептіліктегі көрсеткіштерді жоғары дәрежеде тапсыруға шақырды.

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

БӨЛІСУ