ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің Әкімшілік полиция бөлімі жол және техникалық инспекция тобының қызметкерімен Республика көлемінде ағымдағы жылдың наурыз айының 27 күні мен сәуір айының 10 күні аралығында өткiзiлiп жатқан <Балалардың жолдағы қауіпсіздігі > атты кең ауқымды акциясы аясында, жол-көлік оқиғасының, оның ішінде балалардың қауіпсіздігі, бала травматизімінің алдын алу мақсатында, Ақай ауылдық округінде орналасқан N279 мектеп-лицейiнiң тиесілі оқушылар тасымалымен айналысатын көлік құралдарына қойылатын талапқа сәйкестігіне тексеру жұмыстары жүргізілді.
Оқушылар тасымалымен айналысатын мектептердің көлік құралдары жүргізушілеріне қойылатын талаптарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді!
Осыған орай оқушылар тасымалымен айналысатын көлік құралдарының ҚР Үкіметінің 13.11.2014 жылғы № 1196 санды қаулысымен бекітілген «Жол жүрісі қағидалары» нормативтік құжатының талаптарын, яғни балаларды арнайы ұстау құрылғысы немесе баланы қауіпсізідік белдігінің көмегімен отырғызып қоюға мүмкіндік беретін қондырғының болуы, кемінде екі есігі бар автобустардың алдына және артына «Балалар тасымалы» деген таным белгісі сары түсті жарқылдауық маякпен жабдықталған тасымалданатын балалардың саны орындық санынан аспауы тиіс. Сонымен қатар «Балаларды тасымалдауға арналған автобустар» техникалық талаптарына сәйкес, сары түсті болуы және онда 8 литрлік өрт сөндіргіш құралы /огнетушитель/ екі дана дәрі-дәрмек қобдишасы болуы тиіс.
Жүргізушінің жасы кемінде 25 /жиырма бесте/, тиісті D1 D cанаттағы жүргізуші куәлігі кемінде 5 /бес/ жыл еңбек өтілі бар болуы керек.
Бала қаупсіздігінің алдын алуға барлығымыз жұмылып атсалысуға шақырамыз.

ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласында Өкілдігі

БӨЛІСУ