Облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшыларымен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша мәжіліс өтті.

Жыл басынан оқушылар мен студенттер арасында әлімжеттік пен дене жарақаттарын салу бойынша орын алған оқиғаларды саралау мақсатында өткізілген жиынға құқық қорғау органдарының өкілдері, колледж директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және психолог мамандар қатысты.

Күн тәртібінде колледж студенттерінің арасындағы қылмыс, топтық төбелес, құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары бойынша мәселелер қаралды.

Жиында облыстық полиция департаменті ювеналды полиция бөлімінің аға инспекторы Раушан Абдразақова жыл көлемінде кәмелетке толмаған жасөсіпірімдермен жасалған құқық бұзушылықтар барысын баяндап, оның алдын алу және жол бермеу бойынша салалық басқармалармен іс-шараларды бірлесіп іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Мұнан соң облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Бекжан Есенбаев құқық бұзушылықты алдын алу бойынша техникалық және кәсіптің білім беру ұйымдарымен атқарылған жұмыстарға тоқталып, тәрбие бағытындағы жұмыстарды күшейту бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

Жиын соңында басқарма басшысы Мейрамбек Зинабдинұлы колледж директорларына білім беру ұйымдарында құқықтық тәрбие беруді, ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнатуды тапсырды.

@Қызылорда облысы білім басқармасының баспасөз қызметі

БӨЛІСУ