Қызылордада киік жануарын атқан қала тұрғыны ұсталды.

17 наурыз күні Қызылорда облысы ПД КПБ жойылып кету қауіпі төніп тұрған киік жануарын заңсыз аулап, оның мүйізі мен етін тасымалдап, сақтап, өткізіп, қылмыстық жолмен қаражат тауып жүрген 42 жастағы қала тұрғынын ұстады.

6 киік аңына ұқсас жануардың өлі денесі, 130 мүйіз, 12 калибрлі аңшы мылтығы, 26 дана оқ және жол талғамайтын автокөлік анықталды.

​ҚР ҚК 339-бабы 2-бөлігінің 2- тармағымен сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Күдікті УҰИ-на қамалды.

БӨЛІСУ