Арал ауданы Аманкөл ауылында отбасылық жұп есірткі затын сатумен айналысып жүргені анықталып, ұсталды. Тексеру барысында тұрғылықты үй ішінен заңсыз иемденіп, сату мақсатында сақтап отырған жеті әртүрлі көлемдегі бөлек-бөлек пакетке салынған есірткі заты табылды.  Сараптама қорытындысына сәйкес, салмағы 2 келіден астам кептірілген марихуана, одан бөлек салмағы 26 грамм гашиш есірткі заты тәркіленді. Күдіктілер Арал аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

БӨЛІСУ