Қала әкімі қабылдауында: тұрғындардың өзекті мәселелері назарда.

Қала әкімі Нұржан Ахатов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, олардың ұсыныс-пікірлері мен өтініштерін тыңдады. Жеке қабылдау барысында шаһар тұрғындары негізінен коммуналдық қызмет, тұрғын үй және жер қатынастарына қатысты өзекті мәселелерді көтерді.

Мұндай кездесулер тұрғындар мен жергілікті билік арасындағы ашық диалогты нығайтып, халықтың талап-тілегін тікелей жеткізуіне мүмкіндік береді. Әрбір өтініш жеке қаралып, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.

Қала әкімі Нұржан Сәбитұлы тұрғындардың бірде-бір мәселесі назардан тыс қалмайтынын атап өтті. Оның айтуынша, көтерілген барлық ұсыныс пен өтініш жан-жақты зерделеніп, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті шешімдер қабылданады.

Тұрғындарды тұрақты қабылдау – жергілікті атқарушы биліктің ашықтығын арттырып, елді мекеннің әлеуметтік мәселелерін кезең-кезеңімен шешуге бағытталған маңызды жұмыстардың бірі. Осындай қабылдаулар арқылы халықтың көкейіндегі түйткілдерге дер кезінде көңіл бөлініп, нақты нәтижеге қол жеткізу көзделуде.

БӨЛІСУ