Статистикаға сәйкес облысымызда жыл сайын 20 мыңға жуық сәби дүниеге келеді екен. Өкінішке орай, ана мен бала үшін жауапты сәттер әрдайым сәтті, қуанышты аяқтала бермейтіні белгілі. Дәрігерлер тәжірибесінде Ана мен бала өміріне араша түсу үшін шұғыл қан құю жағдайлары да орын алып жатады.

Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы ана мен бала денсаулығын қорғауға ат салысу мақсатында «АНА МЕН БАЛАҒА ӨМІР СЫЙЛАЙЫҚ!» атты науқан бастайды.

Науқан 2026 жылғы 10 мамыр Аналар күнінде бастау алып – 1 маусым балалар күні мерекесіне дейін жалғасады.

Сіздің бір тамшы қаныңыз – бір анаға үміт сыйлап, бір баланың өмірін сақтап қалуы мүмкін!

Баршаңызды игі іске ат салысуға шақырамыз!

Ана мен балаға бірге өмір сыйлайық!

Өтетін орны:
Қызылорда қаласы, Қан орталығы,
сол жағалау, Абылай хан көшесі, №81 б

Байланыс телефоны:
☎️ 87779735858, 87011125581

БӨЛІСУ