Бүгін — отандық ғарыш саласының шежіресіне алтын әріппен жазылатын айрықша күн. Байқоңыр ғарыш айлағында «Бәйтерек» бірлескен жобасы аясында жаңа «SUNQAR» зымыран-тасығышының алғашқы сынақ ұшырылымы сәтті жүзеге асырылды.
Бұл — тек техникалық жетістік қана емес, бұл — тәуелсіз Қазақстанның ғылыми әлеуеті мен стратегиялық көзқарасының жарқын көрінісі. Ел Президенті бастамашы болған «Байқоңыр» кешенін жаңғырту саясаты нақты нәтижесін беріп отыр. Мемлекет басшысының жүйелі қолдауы арқасында «Бәйтерек» жобасы жаңа деңгейге көтеріліп, халықаралық әріптестіктің тиімді үлгісіне айналды.
«SUNQAR» – болашаққа бастар батыл қадам. Бұл зымыран Қазақстан мен Ресей арасындағы сенімді стратегиялық серіктестіктің, көпжылдық ғылыми-инженерлік еңбектің жемісі. Екі елдің бірлескен жобасы арқылы ғарыш саласында жаңа мүмкіндіктерге жол ашылып, Байқоңырдың маңызы бұрынғыдан да арта түспек.
Бүгінгі тарихи ұшырылым — тек сала мамандарының емес, барша қазақстандықтың ортақ мақтанышы. Бұл — ел дамуына серпін беретін, ғылым мен технологияның көкжиегін кеңейтетін үлкен жетістік.
