Қала әкімі Нұржан Ахатов «Құрмет» орденімен марапатталды.

Бұл жоғары мемлекеттік марапат – оның мемлекеттік қызметтегі табанды еңбегі мен кәсіби біліктілігінің, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесінің айқын көрінісі. Қала инфрақұрылымын жаңғырту, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, кәсіпкерлік пен инвестиция тарту бағытында атқарылған жұмыстар жүйелі нәтижесін беріп келеді.

Нұржан Ахатов басшылық еткен кезеңде қалада бірқатар маңызды жобалар жүзеге асып, тұрғын үй құрылысы, жол жөндеу, абаттандыру және әлеуметтік нысандарды жаңғырту жұмыстары қарқын алды. Сонымен қатар, халықпен кері байланыс орнатып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлеріне жедел назар аударуы оның басқару мәдениетінің маңызды бөлігіне айналды.

Мемлекет тарапынан берілген «Құрмет» ордені – ел игілігі жолындағы адал қызмет пен жауапкершіліктің, сондай-ақ қала дамуына қосқан сүбелі үлестің лайықты бағасы.

БӨЛІСУ