Қызылордада адам саудасының сорақы дерегі тіркелді. Жаңа туған сәбиді ақшаға өткізу схемасы әшкереленіп, қоғамды елең еткізді.

25 жастағы әйел жүктілік кезінде де, босанғаннан кейін де арнайы қоғамдық қордың бақылауында болған. Тергеу мәліметіне сәйкес, ол баладан бас тартқаннан кейін қор жетекшісі делдалдық жасап, нәрестені облыстың 50 жастағы тұрғынына 1 миллион теңгеге беруді ұсынған.

Құқық қорғау органдары күдіктілердің әрекетін дер кезінде тоқтатып, үшеуін де уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі таңда оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

БӨЛІСУ