Қызылорда қаласында өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп жатыр.
Іс-шара Назарбаев даңғылы 16
мекенжайында орналасқан «Сыр болашағы» Құзыреттілік орталығында ұйымдастырылған.
Жәрмеңке аясында жергілікті жұмыс берушілер 565 және Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Абай және Ұлытау облыстарынан білім беру, денсаулық сақтау, медицина, құрылыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және өзге де салалар бойынша 9 984, барлығы 10 549 бос жұмыс орындарын ұсынып отыр.
Сонымен қатар, Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қостанай облысы, Абай облысы, Шығыс Қазақстан облысы жене Ұлытау облыстарынан келген делегаттар ерікті қоныс аудару мумкіндіктері мен мемлекеттік қолдау түрлері туралы ақпарат беруде.
Жәрмеңкеде тұрғындарға жұмыспен қамту шаралары,соның ішінде кайтарымсыз гранттар, кәсіптік білім алу және мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмысқа орналасу жолдары жөнінде кеңестер ұсынылуда.
