Бәсекеге қабілетті, заманның жаңа шақыртуларына дайын, озық ойлы ұрпақ тәрбиелеу мемлекет алдындағы стратегиялық маңызды мәселе.
Сыр өңірінде Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен білім саласында ауқымды жобалар мен тың бастамалар жүзеге асуда.
Аймағымызда білім беру саласына 2022-2025 жылдары 1 трлн. 159 млрд. теңге бөлінді. Биыл 302 млрд. 196 млн. теңге қаралды.
2022 жылдан бері өңірімізде жаңа заманауи 43 білім беру нысандары салынып, пайдалануға берілді.
Мемлекет басшымыздың бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 54 млрд. 391 млн. теңгеге 10 жаңа мектеп салынды.
2023 жылдан бастап 5 млрд. 700 млн.теңгеге 9 мектеп жанынан қосымша ғимарат бой көтерді.
Нәтижесінде өңірімізде үш ауысымдық мектептер мәселесі түбегейлі шешімін тапты.
«Білімді қолдау қоры» арқылы 8 млрд.400 млн. теңгеге физика-математика бағытындағы «Білім-инновация» лицей-интернаты ел игілігіне табысталды.
Аталған қор есебінен 2 млрд. 333 млн.теңгеге Арал ауданы Мергенсай елдімекенінен 150 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді.
Демеушілер есебінен Арал ауданы Тоқабай ауылындағы апаттық мектептің орнына құны 500 млн. теңге болатын жаңадан білім ордасы салынып, салтанатты түрде ашылды.
2022-2024 жылдары 5 млрд. 300 млн.теңгеге 15 мектептің ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Президентіміздің тапсырмасына сәйкес
2025-2027 жылдары өңіріміздегі 51 мектепті күрделі жөндеуден (реновациядан) өткізу жоспарланған.
Өткен жылы бұл мақсатқа облыстық бюджеттен
2 млрд. 400 млн. теңге бөлініп, 9 мектеп қайта жаңғыртудан өтті.
Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жаңғырту бағытында қарқынды жұмыстар жүруде.
2 млрд. 700 млн. теңгеге 317 пәндік кабинеттер жаңартылып, білім сапасын көтеруге мол мүмкіндік беруде.
Президентіміздің тікелей бастамасымен денсаулық сақтау, білім беру, спорт,әлеуметтік қолдау салаларындағы мәселелерді шешу мақсатында құрылған «Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен тығыз әріптестік байланыс орнатылып, өңірімізде бірлескен бірқатар жобалар ұйымдастырылуда. Қормен аймағымызда 16 млрд. 851 млн.теңгеге әлеуметтік маңызды жобалар жүзеге асуда.
Оның ішінде өңіріміздің білім беру саласын қолдау, ауыл мектептерінің базасын нығайту мақсатында 5 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді (5 млрд. 89 млн. тг.).
Атап айтқанда, 2 млрд. теңгеге аймақтың 50 ауыл мектептеріне «Білім-Инновация» лицейлерінің тәжірибесі енгізіліп, арнайы кабинеттер жабдықталуда. Бұл бағыттағы жұмыстар биылғы жылы да жалғасын тапақ.
Балалардың қосымша білім беру жүйесін дамыту мақсатында 11 млрд. теңгеге балалар мен жасөспірімдерге арналған «Сыр жұлдыздары» академиясы, 3 млрд.теңгеден астам қаржыға Жалағаш, Жаңақорған, Шиелі аудандарында Оқушылар үйі мен Өнер мектептері салынды.
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының демеушілігімен Қызылорда қаласында 2млрд. 500 млн. теңгеге заманауи үлгідегі Оқушылар сарайы ашылды.
4 млрд. 800 млн. теңгеге музыкалық колледждің жаңа оқу ғимараты мен жатақханасы салынып, ел игілігіне табысталды.
Президент саябағында 10 млрд. теңгеге үздіксіз жұмыс жасайтын 300 орындық заманауи балалар тынығу лагері бой көтеруде.
Саябақта 5 млрд. теңгеге Ботаникалық білім беру орталығының (қысқы бақ) ғимараты да салынуда.
Бұл атқарылған жұмыстар оқушыларымыздың сапалы білім алуымен шығармашылық дамуына зор мүмкіндік береді.
Жастарымыздың болашағы үшін жасалған жобалар еліміздің әлеуметтік-мәденидамуына үлес қосып, келешек ұрпақтың толыққанды әрі жарқын өмір сүруіне жол ашады.
