Арал қаласының тұрғыны, жеке кәсіпкер Майханова Айнұр – кәсібін табысты жүргізіп отырған тігін шебері. Қазіргі таңда ол ұлттық киім түрлерін тігумен танымал болып, өзінің шағын цехын басқарып отыр.
Кәсіпкер 2025 жылы «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығынан 6 %-бен 3,5 млн.теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, тігін цехын кеңейтуге қажетті тігін машиналары, кесте тігу машинасы, үтіктеуге және пішуге арналған үстел сияқты құрал-жабдықтарын сатып алды.
Бүгінде тігін цехы ұлттық киім түрлері, той көйлектері, мектеп формалары мен сырт киімдерді, тұрмысқа қажетті бұйымдар тігу бойынша қала тұрғындары мен ауыл-аймақтардан тапсырыстар қабылдап, ай сайын 50-ден астам өнім дайындайды. Бір адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Кәсіпкердің талғамы мен шеберлігіне сенім білдіретін тұтынушылар күннен-күнге артып келеді. Іскер ана болашақта өз кәсібін одан әрі кеңейтіп, тағы да жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отыр.
