Қызылордада бірнеше көлік соқтығысқан жол апаты тіркелді
2026 жылғы 5 сәуір күні сағат 00:20 шамасында Қызылорда қаласы Тәуелсіздік даңғылының бойында бірнеше автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, оқиға салдарынан көліктерге зақым келген. Зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда.
Аталған дерек бойынша кінәлі жүргізушіге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.
Құзырлы органдар жол апатының мән-жайын анықтауда.
Қала тұрғындарына автокөлікті басқару кезінде жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, жылдамдықты асырмауды және мас күйде көлік жүргізбеуді ескертеміз.
