«Ауыл аманаты» жобасы – Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында қолға алынған маңызды бастама және ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартып, табысын арттыруға бағытталған.

Осы орайда «AMANAT» партиясы ауыл халқының еңбек табысын арттыру мақсатында Үкіметпен бірлесіп «Ауыл аманаты» жобасын іске қосқан болатын. Бастапқыда пилоттық жоба ретінде қолға алынған жоба бүгінде ел көлімінде жүйелі жүзеге асып келеді. Халықтың жартысынан астамы ауылдық жерде тұратын Сыр өңірі үшін бұл жобаның маңызы зор.

Бүгінгі күні өңірімізде жобаның жемісін көре бастаған азаматтар қатары артып келеді. Осы орайда қолынан келетін істі кәсіпке айналдырған жандардың бірі Арал қаласының тұрғыны Нұрболат Бисембаев.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы жеңілдетілген пайызбен несие алып, өз кәсібін бастап кеткен ол бүгінде үй жиһазын дайындайтын шахын цех ашқан. Кәсіпкер бағдарлама аясында 2,5 пайыздық жеңілдікпен 6 млн 250 мың теңге несие рәсімдеген. Бүгінде цехта 3 адам тұрақты жұмыс істейді.

Айтуынша бүгінгі таңда үй жиһазына тапсырыстар жоғары деңгейде аудан төңірегінен бөлек Астана ,Алматы қалалары мен Ақтөбе облысынанда тапсырыс берушілер бар екенін жеткізді.

Цех біршама соңғы үлгідегі заманауи құрал – жабдықтар мен апараттармен қамтылған Атап айтқанда Қытай зауыттарынан шығарылған Ағашты аралау машинасы және ағаш жиектерін жапсарлау аппараты жұмыс жасайды. Кәсіпкер бұнымен тоқтап қалмай өз кәсібін үлкейтуді жоспарлап отыр. Цехқа тағы да заманауи жапсарлы ағаштар бетіне ою –өрнек салынатын құрылғыны алуды сонымен қатар цех көлемін үлкейтуді, қосымша жұмысшыларды тартуды көздеп отыр.

БӨЛІСУ