Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Омаров Оралбек Тәубақабылұлы қабылдау өткізіп, тұрғындардың өтінішін тыңдады.
Қабылдауға қатысқан азаматтар тарапынан жол көлік оқиғасына байланысты тергеу амалдары кезінде сарапшы қорытындысына наразылығын білдірсе, отбасылық жағдайға байланысты қызметін ауыстыру бағыттары және де науқас баласына медицина мамандарымен көрсетілген қызметтің сапасына байланысты шағымдары білдірілді.
Аталған мәселелер бойынша өтініш иелеріне ҚР заңнамасына сәйкес түсіндірмелер берілді. Жол көлік оқиғасына қатысты сот-медициналық сараптама қайта тағайындалып, қорытындысы арыз иесіне хабарланатын болды. Ал баласының денсаулығына қатысты медициналық сапасының қызметі бойынша тиісті қадағалау органдарына арыз білдіру қажеттілігі айтылды.
