Облыс көлемінде «Заңсыз – 2025» іс-шарасы өткізілуде.
Заңсыз көші-қонды болдырмау және алдын алу, шетелдіктердің көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында ағымдағы жылдың маусым айының 16 мен 20 аралығында облыс аумағында «Заңсыз – 2025» іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның 2 күн нәтижесінде жалпы 192 құқық бұзушылық анықталды.
Оның ішінде, шетел азаматтарымен жасалған 126 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталса, оның ішінде 54 азамат республика аумағынан аластатылды.
Шетелдіктердің болу ережелерінің сақталуын қамтамасыз етпеген ҚР-ның 66 азаматына қатысты әкімшілік шаралар көрілді.
Құрметті облыс тұрғындары! Шет мемлекеттерден жұмыс жасауға келген шетел азаматтарын заңда көрсетілген мерзімде құжаттарын заңдастырып, көші-қон заңнамасын бұзбай, жұмыс жасатқандарыңыз абзал.
Егерде заң талаптарын орындамай өрескел бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарына сәйкес шара көрілетіндігін ескертеміз.

БӨЛІСУ