Қоғамдық жұмысқа тартылған сотталғандар жұмыс орындарынан тексерілуде.

Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебіне жуырда алынған азаматқа сот үкімімен 80 сағат қоғамдық жұмыс тағайындалған. Қазіргі уақытта Тасбөгет кентінде тазалық жұмыстарымен айналысуда.

Азаматтың қоғамдық жұмысты орындауы Қызылорда қалалық пробация қызметі инспекторларының тұрақты бақылауында. Пробация қызметкерлері жұмыс орнына барып, белгіленген тәртіптің сақталуын, еңбекке қатысуын қадағалап келеді.

Бүгінгі таңда қалалық пробация қызметі есебінде тұрған 13 сотталған азамат түрлі қоғамдық жұмысқа тартылып, әлеуметтік пайдалы еңбекпен айналысуда. Мұндай шаралар сотталған азаматтардың қоғамға қайта бейімделуіне, еңбекке араласу арқылы оң өзгерістерге ұмтылуына ықпал етеді.

Пробация қызметі алдағы уақытта да қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтармен жұмыс жүргізуді жалғастырып, оларды қайта әлеуметтендіру бағытындағы іс-шараларды жүйелі түрде жүзеге асыратын болады.

БӨЛІСУ