ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы Саламат Қалжанов Департамент қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша семинар өткізді.
Семинарда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды болдырмау және жою мақсатында болған жиналыс негізде мынадай сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары қабылдануда:
– сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау;
– Департамент қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
– сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді орындау;
– сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтау;
– мүдделер қақтығысын болғызбау және шешу;
– сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және тәрбиелеу;
– кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсыну;
– ақпараттық түсіндірушілік іс-әрекеттер;
– мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын түсіндіруге бағытталған мемлекеттік биліктің басқа органдарымен бірлескен іс-шаралар;
Жоғарыда аталған шаралар тек ақпараттық-ағартушылық сипатта ғана емес, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік құқықтық актілермен реттелген міндетті шаралар мәртебесіне ие болуы керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласын реттеуші және анықтаушы дәл осы заңнамалық актілер сәйкесінше субъектілермен ағартушылық сипаттағы мазмұнда меңгеріліп қана қоймай, сондай-ақ оның мәні мен шынайы маңызын толық түсінуін және зерттеуін қамтамасыз етеді.
Семинар қорытындысы бойынша қызметкерлер кәсіби этиканы қатаң сақтауға және жұмыста ғана емес, күнделікті өмірде де осы қағидаттарды ұстануға шақырылды.
2025-06-17
