Баспасөз конференциясында айтылған деректерге сүйенсек, негізгі себеп – өңірдегі аптап ыстық пен электр энергиясын тұтынудың күрт артуы. Әдетте Қызылорда қаласы тәулігіне шамамен 92 мегаватт электр энергиясын пайдаланса, соңғы күндері бұл көрсеткіш 122 мегаватқа дейін жеткен. Яғни, тұтыну көлемі небәрі бірнеше күн ішінде 32 пайызға өскен. Мұндай өсім кез келген электр желісіне айтарлықтай салмақ түсіретіні анық.
Жедел жұмыстар нәтижесінде тұрғындарды электр энергиясымен және ауыз сумен қамтамасыз ету қалыпты режимге көшкен. Жекелеген техникалық ақаулар уақытылы жойылып жатыр. Алайда соңғы күндердегі жағдай инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарын жеделдетудің маңызын тағы бір мәрте көрсетті. Өйткені заманауи қала үшін коммуналдық жүйелердің сенімділігі – жай ғана қызмет сапасы емес, халықтың қауіпсіздігі мен өмір сүру сапасын айқындайтын стратегиялық фактор.