Астанада Республикалық ұрықты сақтау орталығының ашылуы және Ана мен бала орталығы мен №2 қалалық көпбейінді аурухананың базасында бірден екі «ҚР-дағы пренаталдық диагностиканың бір күндік клиникасы» пилоттық жобасының іске қосылуы өтті.

«Соңғы 10 жылдың ішінде ҚР-да туа біткен даму ауытқулары бар балалардың туу жиілігі сақталуда. Туа біткен және тұқым қуалайтын аурулар нәресте өлімінің негізгі себептерінің құрылымында екінші орында. Жыл сайын елде 400 мыңнан астам бала, оның 1%-ы ұрықтың туа біткен ақауларымен туады. Сондықтан балалардағы мүгедектікті ерте диагностикалау және профилактика жүйесін құру ел саясатының негізгі басымдықтарының бірі болып табылады», – деп атап өтті ашылу салтанатында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

«Бір күндік клиника» жүкті әйелдерге бір күнде «бір терезе» қағидаты бойынша пренаталдық диагностиканың барлық түрлерінен өтуге және зерттеулердің жылдам әрі дәл нәтижелерін алуға мүмкіндік береді.

Біріншіден, жүкті әйел сараптамалық ультрадыбыстық аппаратта ұрықты тексеруден өтеді, содан кейін биохимиялық скрининг үшін қан алынады және 20-30 минут ішінде қолға талдау нәтижелері беріледі. Соңғы кезеңде – жүкті әйелге ұрықтың хромосомалық патологиясының жеке қаупін есептеу үшін консультация беріледі, содан кейін негізделген шешімдер қабылданады.

Кешенде бұл тәсіл мүмкін болатын патологияларды ерте кезеңде анықтауға және ұрықтың өмірі мен денсаулығы үшін ең дәл болжамды алуға мүмкіндік береді.

Министрлік пренаталдық медицина қызметін одан әрі жетілдіру бойынша ұрықтың ТДА ерте диагностикалау мен профилактикасының тиімділігін арттыруға, нәресте өлімін, балаларды мүгедектігін азайтуға бағытталған бірқатар стратегиялық шешімдер қабылдайды, оларды өз кезегінде халықаралық сарапшылар оң бағалады.

Пренаталдық скрининг қызметін одан әрі дамыту және тиімді жетілдіру үшін, жүкті әйелдерге медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін еліміздің 7 өңірінде: Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Қызылорда, Ақтөбе, Түркістан және Қарағанды облыстары «Бір күндік клиника» пилоттық жобасын енгізу бойынша бұйрық бекітілді. Осыған ұқсас жобалар еліміздің барлық өңірлерінде жүкті әйелдер үшін құрылады деп жоспарлануда.

Бұл жобасының мақсаты жүкті әйелдерді пренаталдық диагностикалаудың инновациялық әдістерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету және туа біткен ақаулары бар баланың туу қаупін уақтылы анықтау болып табылады.

Астанадағы Ана мен бала орталығының базасында құрылған Республикалық ұрықты сақтау орталығы – бұл перинаталдық диагностика, генетика, УДЗ, неонатология, акушерлік, хирургия саласындағы жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етілген алаң. Мультидисциплинарлық топтың құрамында әрбір күрделі жүктілік, араласу нысаны, босану ерекшеліктері, постнеонаталдық іс-шараларды өткізудің одан әрі тактикасы мәселелері шешіледі.

Сонымен қатар, министр феталдық медицинаны дамыту қажеттігін атап өтті, Алматы мен Астанадағы орталықтардың базасында ұрықтың алғашқы жатырішілік операцияларын жүргізу бойынша іс-шаралар басталады.

Осылайша, Қазақстанда ерте пренаталдық скринингтің жаңа заманауи әдіснамасына көшу үшін соңғы әлемдік үрдістерге сәйкес реформалар іске асырылуда.

БӨЛІСУ