Су басу өңірлерінде қабылданып жатқан шаралар нәтижесінде 60,0 мыңнан астам ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз учаскелерге көшірілді. Оның ішінде: Ақмола облысы – 18,8 мың бас, Қостанай облысы – 12,9 мың бас, Ақтөбе және Атырау облыстарында – 10 мың бастан көп, БҚО – 4,5 мың бас, Қарағанды облысы – 1,5 мың бас.

Сонымен қатар, су тасқыны салдарынан мал өлімі орын алды, жедел деректер бойынша республиканың жеті өңірінде саны 5 711 басты құрады, оның ішінде ІҚМ – 1 137, ұсақ мал – 4 051, жылқы – 457 және басқа да ауыл шаруашылығы жануарлары.

Алғашқы күндерден бастап, су басқан аумақтардағы эпизоотиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеу мақсатында Министрліктің Республикалық эпизоотияға қарсы отряды облыс әкімдіктерімен бірлесіп шығын болған жануарлар өлекселерін жинау және жою жұмыстарын жүргізуде. Жалпы іс-шараларды жүргізу үшін тиісті 90 бірлік техника, қызметкерлер штаты және жою шаралары үшін қажетті дезинфекциялық заттар бар.

Бүгінгі таңда 1013 бас, соның ішінде ІҚМ -133, ҰМ – 809 және жылқы – 64 өртеліп жойылды.

Ауыл шаруашылығы министрі, жетекшілік ететін вице-министр және Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің басшысы су басқан аумақтарға барды. Ал қазіргі уақытта АШМ құрылымдық бөлімшелері ауыл шаруашылығы бағытында жұмысты үйлестіру үшін су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда жүр.

Ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне өтемақы төлеуге қатысты: сәйкес алгоритм әзірленді, халыққа және залал анықтау жөніндегі комиссияның назарына жеткізіледі.

Жалпы, су тасқынының салдарын болдырмау және жою мәселелері, сондай-ақ эпизоотиялық жағдай Министрліктің тұрақты бақылауында.

Су тасқынына байланысты су басқан аймақтарда сібір жарасы мен мал қорымдары көмілді. Алайда бұл аумақтарда эпизоотиялық жағдай тұрақты болып отыр.

Сібір жарасын көму – жануар өлген жерде көмілген ауру қоздырғышының тарихи ошақтары екенін сіздердің назарларыңызға жеткіземіз. Осылайша, осы объектілерді ауыстыру мүмкін емес.

Сонымен қатар сібір жарасынан өлгеннен кейін жануар өртеу жолымен жойылды, ал күл бетондалатын саркофаг жасап көміледі, оның айналасына дезинфекциялық құралдар салынады.

Көмілген аумақ оқшауланған, ал осы учаскелерде індеттің болуына жыл сайын мониторинг жасалады, осы уақытқа дейін аурулардың жер бетіне шығуының бірде-бір жағдайын анықтаған жоқ.

Су басқан учаскелерден су кеткеннен кейін сол жерлерден топырақ сынамалары алынады. Ол үшін тиісті мамандар осы өңірлерге барып, сынамалар іріктеп жатыр.

Сонымен қатар, су басқан аймақтарда сібір жарасына қарсы жыл сайынғы вакцинация жыл басынан бері жоспарлы түрде жүргізілуде.

Мал қорымдарына келсек: бұл объектілер жұқпалы емесаурулардан өлген жануарларды жоюға арналғанын сіздердің назарларыңызға жеткіземін. Яғни, мал қорымдарын су басқан жағдайда да аса қауіпті инфекциялардың пайда болу ықтималдығы жоқ. Осындай нысандардың барлығы да судың ағуына байланысты тексеріледі.

Жалпы су басқан аймақтарындағы эпизоотиялық қауіпсіздік мәселелері жергілікті атқарушы органдармен және ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен үйлестіре отырып, Ауыл шаруашылығы министрлігінің тұрақты бақылауында болады.

БӨЛІСУ