Қазіргі таңда, Арал ауданында жылдық қуаттылығы 23900 мың тоннадан астам 9 балық өңдеу зауыттары жұмыс істейді.  

Бүгінгі күні, 5 зауыт («Agrofish 2020», «Арал СДО», «Камбала балық балықшылар өндірістік орталығы», «СДО Қарашалаң», «Aral Sea food» ЖШС-нің балық өңдеу зауыттары) балықты терең өңдеумен айналысатын болса, қалған 4(«Ар-М-Кон», «Бөген СДО», «Қуаныш», Zhalgasbay шағын балық өңдеу зауыттары) балықты қатыру, мұздату және ыстау сияқты жеңіл өңдеумен айналысады. Бұдан бөлек 15 балықты сұрыптап қатыру және сақтау цехтары жұмыс жасауда.

Еуропа нарығына шығуға мүмкіндік беретін Еврокод белгісі 2 кәсіпорында(«Арал балық өңдеу зауыты» ЖШС, «Арал сервистік дайындау орталығы» ЖШС) бар. Жыл  ішінде 2 378 тонна балық экспортталды.

Ауданымызда тоғанды балық шаруашылығын өсіру жұмыстары  қолға  алынып, 2 жоба іске қосылды (Жаңақұрылыс ауылдық округінен «Қожағұл-Ата» шқ және Қаратерең ауылдық округінен жеке кәсіпкер «Ә. Жанайбеков»).

Ауданда VІІ-ші балықшылар слетіқыркүйек айының 20-сы күні жоғары деңгейде аталып өткен болатын. Слет аясында «Арал өңіріндегі балық шаруашылығын дамыту және Кіші Арал теңізінің болашағы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып өзекті мәселелер талқыланды, бірқатар ұсыныстар берілді.

«2022-2024 жылдарға арналған ауыл шаруашылығын дамытудың Жол картасы» аясында жоспарланған 30 жобаның бүгінгі күні 23іске асырылды. Нәтижесінде 281,8 млн. теңге (жоспар-792,0 млн теңге) инвестиция тартылып, 43 адам(жоспар-200 адам) жұмыспен қамтылды.

2023 жылы «Дипломмен ауылға»бағдарламасы бойынша 34 маманға бір жолғы көтерме жәрдемақы алуға 11,7 млн теңге және тұрғын үй сатып алуға 113,9 млн теңге қаржы қаралып, игерілді.

«Жер аманаты» бағдарламасыаясында пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы мақсатындағы 29 374 гектарды құрайтын 17 жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 438,5 млн. теңгеге 72 жоба несиелендірілді.

БӨЛІСУ