2023 жылғы 28 қараша күні №47 мектеп-лицейінде Шиелі аудандық санитариялық эпидемиологиялық басқармасы тарапынан 27.11.2023 жылғы №76-нқ/370/76 санды бұйрығына сәйкес «Қызылшаның алдын алу, сақтану шаралары мен тұрақтандыру жұмыстарын күшейту және жандандыру » мақсатында аудандық білім бөліміне қарасты бала бақша меңгерушілері мен медиктердің қатысуымен семинар өткізілді.

Семинар барысында аудандық СЭББ эпидқадағалау бөлімінің басшысы М.Сүйіндікова тарапынан қызылша ауруының эпидемиологиялық ахуалы, атқарылуға тиісті іс-шаралар мен вакцинацияның тиімділігі жөнінде, қызылша ауруынан сақтану шаралары мен атқарылуға тиісті іс шараларына тоқталып, 2023 жылдың 11 айында Шиелі ауданынан тіркелген жұқпалы ауру қызылша жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, қызылша ауруының инфекциясы қоздырғышы науқас адамнан сау адамға ауа тамшылары арқылы берілетіндігі және инфекция науқас адам сөйлескенде, жөтелгенде, түшкіргенде ауру адамның сілекейімен сыртқы ортаға тарайды.
Қызылшамен ауыратын науқас айналасындағы адамдар үшін 7-10 күн бойы қауіпті.Егер адам қызылшамен ауырса, онда оның өмір бойы тұрақты иммунитеті қалыптасады.

Қызылша ауруынан тек вакцина алу арқылы ғана қорғануға болады. Балалардағы қызылшаның алдын алу жоспарлы вакцинация түрінде екі кезеңде (1 және 6 жас аралығында) жүргізіледі. Одан кейін иммунитет ұзақ уақыт сақталады.

БӨЛІСУ