Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты көрсеткіштердің орындалуы мен қызылшаға қарсы атқарылып жатырған шараларға байланысты мәжіліс өтті.

Жиынды ашып, жүргізген аудан басшысы күн тәртібіндегі бірінші мәселе – тұрғындардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі екеніне тоқталды. Сондай-ақ, сақтандырылмаған тұлғалардың үлесін сөз етті.

Мұнан соң аталған түйткіл бойынша аудандық көпбейінді аурухананың бас дәрігері Бақытгүл Әлмәмбетқызы баяндады.

Өз кезегінде Мұхтар Әуесұлы хабарламашыға сауалдар жолдады. Сол секілді теміржол ауруханасы, дербес бөлімдер, мекеме-кәсіпорындар, мектеп пен балабақшалар, Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы және ауылдық округтердің мәселеге қатысты кемшіліктерге тоқталды.

Мәжілісте отбасының цифрлық картасы туралы да көтерілді. “Отбасының цифрлық картасын” өзектендіру бойынша Қазалы ауданында көптеген жұмыстар атқарылу қажет екенін айтқан аудан басшысы көрсеткіштердің көңіл көншітпей тұрғанын қозғады. Соған сәйкес жұмысқа жауапкершілікпен қарау керектігін баяндап, мәселеге қатысты мамандарға қатаң ескерту берді.

Басқосуда қаралған екінші мәселе – қызылшаға қарсы атқарылып жатырған шаралар туралы болды. Бұл жөнінде аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Ғабидулла Сарқұлов хабарлама жасады.

Баяндамашыға тиісті шаралар бәсеңдемеуі керектігін және вакцинациялау жұмыстарының нәтижесі туралы күнделікті ақпарат ұсынып отыруды ескертті. Сондай-ақ, аудандық көпбейінді аурухана, теміржол ауруханасы және білім беру ұйымдарында, әсіресе балабақшаларда
қызылша ауруының алдын алу бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқандығын сұрады.

Оған қоса қызылшаның адам өміріне төндіретін қаупі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ата-аналарға вакцинациялаудың маңызын айту қажеттігін көтерді.

Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетовке жиындағы айтылған мәселелерді бақылауда ұстап, үйлестіруді жүктеді. Ал егер басшылар тапсырманы орындауға жүрдім-бардым қарайтын болса шара көріледі және республикалық, облыстық мекемелерге қарасты ұжымдардың тікелей басшылығына ұсыныс берілетін болады.

©️Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

БӨЛІСУ