Бүгін облыстық онкология орталығына берiлген томосинтез функциясы бар цифрлық мамографиялық жабдықпен, сарапшылық деңгейдегі ультрадыбыстық жүйемен жабдықталған жылжымалы медициналық кешен Байқоңыр қаласында өз жұмысын бастады.

Онколог дәрігер, ультрадыбыстық зерттеу, сәулелі диагностика дәрігері, ренген-лаборанттар және т.б мамандармен қамтылған кешенде дәрігер қабылдауына 29 пациент келсе, маммографиялық зерттеуден 44, ультрадыбыстық зерттеуден 15 пациент өтiп, “сақтандырылмаған мәртебесі” бар 8 тұрғын жылжымалы медициналық кешеннің зерттеу түрлерімен қамтылды.
Байқоңыр қаласы, Ақай, Төретам тұрғындарын қараша айының 23-30 жұлдызы аралығында қабылдайтын мобильді бригада желтоқсан айының басынан Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, аудандары тұрғындарын медициналық тексерiстен өткiзiп, жыл аяғына дейін 2 мыңнан аса онкоскринингтен өтпеген мақсатты контингентті және де сақтандырылмаған азаматтарды жылжымалы медициналық кешеннің зерттеу түрлерімен қамтымақ.

 Құрметті Байқоңыр қаласы,
Ақай, Төретам тұрғындары Сіздерді қараша айының 23-30 жұлдызы аралығында сағат 8:30-18:00-ге дейін онколог дәрігер кеңесін алуға, маммографиялық, ультрадыбыстық зерттеу түрлерінен тегін өтуге шақырамыз! Өз денсаулығыңыз – өз қолыңызда!

БӨЛІСУ