Дені сау ұрпақ – ел болашағының кепілі. Бүгін Қазалы ауданның 95 жылдық мерейтойы аясында жаңа спорт алаңы пайдалануға берілді.

Тұрғындардың өмір сапасын арттыру, жастардың бос уақыттарын тиімді өткізуге арналған алаң Қазалы қаласында бой көтерді.

Жаңа спорт алаңының ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбетпен Қазалы ауданының Құрметті азаматы Болатбек Пұсырманов сөз сөйлеп, мерейтой аясында пайдалануға беріліп жатқан жаңа спорт алаңының ашылуымен құттықтады.

Сондай- ақ қала жастарының атынан Мейірбек Күнішов сөз сөйлеп, жастар үшін жасалып жатқан бұл игі істер үшін шынайы алғысын жеткізді.

Мұнан спорт алаңының салтанатты түрде лентасы қиылып, облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбетпен аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жас спортшыларға сәттілік тіледі.

Айта кетейік, шараға ауданның 95 жылдық мерейтойына еліміздің түкпір-түкпірінен келген қонақтар да қатысып, қала тұрғындарының қуанышымен бөлісті.

БӨЛІСУ