Бүгін қазалылықтар Қытай елінің Ханчжоу қаласында өткен ХІХ Жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері, жерлесіміз Абылайхан Жұбаназарды күтіп алды.

Аудан абыройын асқақтатқан жеңімпазды күтіп алуға аудан әкімнің орынбасары Дәурен Тілеумбетов арнайы барып, аудан басшысы Мұхтар Оразбаевтың құттықтауын жеткізді. Сондай-ақ, жас палуанның келер жылғы «Париж-2024» Олимпиадасында да жеңіс тұғырынан көрінетіндігіне сенім білдіріп, дүбірлі додаға сәттілік тіледі.

Айта кетейік, жас палуанды күтіп алуға жүлдегердің барша туыстары мен бапкерлері және аудан спортшылары да келіп, жас ақын Елнұр Нұрқасым ауданның мақтанышына айналған азаматқа арнауын жеткізді.

БӨЛІСУ