Тоқсан сайын халықпен кездесіп, талап-тілектерін тыңдап тұратын аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың кезекті кездесуі Әйтеке би кентінің тұрғындарымен болды.

Аудандық Роза Бағланова атындағы мәдениет үйінде өткен жиында аудан басшысы жыл басынан бері ауданда атқарылып жатқан ауқымды жобаларды сөз етіп, алдағы жоспарларымен де бөлісті.

Кезек ұсыныс-пікірлерге келгенде тұрғындар өздерінің мұң-мұқтаждарын баяндады. Мәселен, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жайын айтқан тұрғындар, барлығын бірлесе атқару қажет екенін бүгіп қалмады.

Аудан басшысы тұрғындардың талап-тілегі ескерусіз қалмайтындығын, қажетті шаралар бірлесіп жүзеге асатынына тоқталды. Сондай-ақ, айтылған ұсыныстарға байланысты жауапты сала жетекшілеріне бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Халықпен кездесуден соң Мұхтар Әуесұлы бірнеше тұрғынды мәселелері бойынша жеке қабылдады. 5 квартал аумағындағы жолдардың жайын жеткізіп, жарықтың мәселесін де көтерді. Сонымен қатар, көшелердің тазалығын қадағалауды қатаң қаперде ұстау керектігін сұрады.

Аудан басшысы аталған түйткілдерді назарға алып, тиісті сала басшыларына тапсырма берді.

БӨЛІСУ