Бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәжіліс залында басқарма басшысы Искаков Олжас Ермекұлы медицина ұйымдары басшылары арасында апталық лездеме отырысын өткізді.

Кездесуге басқарма мамандары мен емдеу, алдын алу ұйымдарының басшылары қатысты.
Жиында алдымен ардагерлер кеңесiнiң жұмысы туралы айтылса, одан әрі күн тәртібінде №3 қалалық емханаға бекітілген тұрғындарына iшкi және сыртқы қызметтермен көрсетiлген консультативтi диагностикалық қызмет түрлерiне жүргізілген мониторинг нәтижесі, “Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі” жол картасының аясында төртінші жеделдiлiк санаты бойынша БМСК ұйымдарының жанындағы жедел медициналық жәрдем бөлімшелеріне жүргізілген мониторинг қорытындысы, көпбейінді облыстық аурухана мен көпбейінді қалалық ауруханаға ауыр жағдайда түскен науқастарды талдау және ағымдағы мәселелер қаралды.
Баяндама барысында тарқатылған тақырыптар бойынша бас дәрігерлер тарапынан ұсыныстар айтылды.
Жиын соңында аймақтың бас дәрігері Олжас Ермекұлы емдеу, алдын алу ұйымдарының басшыларына аталған мәселелерге сәйкес нақты тапсырмалар берумен қатар, алдағы уақыттағы қызметті жауапкершілікпен жалғастыруды, мемлекеттік медицина мекемелерiнiң мүмкіншілігiн көбейтудi, әрбір тұрғынға сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсету жұмыстарын қатаң жүргізуді тапсырды.
Қорытындыға сәйкес, аталған тапсырмалар хаттамаға енгізіліп, алдағы уақытта жүзеге асырылу бойынша шешім шығарылды.

БӨЛІСУ