Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы мен облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен облыс кәсіпкерлерінің проблемаларын анықтау және шешуге арналған кездесу өтті.

Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, облыс прокуроры Нұрлан Бижанов, өңірлік кеңес төрағасы Ерлан Райымов, Кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықов, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының жаңадан тағайындалған басшысы Исатай Аңсат пен өңір кәсіпкерлері, мүдделі мемлекеттік орган басшылары қатысты.

Шарада Кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықов облыстық прокуратурамен әріптестік байланыстың нәтижесінде өңір кәсіпкерлерінің мәселесі жүйелі көтеріліп, шешіліп жатқанын жеткізді. Сондай-ақ, әлі де болса шешімін табуды қажет етіп тұрған проблемалар бар екеніне тоқталды.

Кәсіпкерлер облыс прокуроры мен Кәсіпкерлер палатасы және мемлекеттік орган басшыларынан туристік алым, балабақшаларды заңсыз тексеру, “Су жүйесі” мекемесінің кәсіпкерлерге қарызын қайтармау және сауда-саттықпен айналысатын кәсіпкерлерге салық органдары салып жатқан қомақты айыппұлдарға қатысты проблемасын айтып, құқын қорғауды, мәселесін шешуге көмек беруді сұрады.

Әкімдік пен құқық қорғау органдарының басшылары кездесуде көтерілген әр мәселені жіті бақылауына алып, зерделейтінін және тиісті құқықтық баға беретінін жеткізді.

БӨЛІСУ