Қармақшы ауданының кәсіпкері Мұратбаев Азаттың жеке кәсібі «Азат» сұлулық салонында кезек көп екенін қашаннан көріп жүрміз. Бірнеше кәсіпті қолға алғысы келген кәсіпкер «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы шеңберінде 10,0 млн теңге несие алып, қосымша тауық құсын өсірумен айналысуда.

«Кобб-500» тауық тұқымына қызыққан кәсіпкер қыр-сырын лезде үйренген. 40-45 күн толған соң еті жеуге жарамды. Әрі бұның бір ерекшелігі өте етті, дәмді, сосын тез піседі. Бір өзінің салмағы 4,5-5 келіге дейін береді. Инкубатордағы жұмыртқадан 20-25 күнде балапан шығады. Одан бөлек, пеште қақталған «грильді» тұрғындарға тапсырыспен жеткізіп отыр.

Азаттың құс цехында 550 тауық бар. Жылына 2,5 т құс етін шығаруға қуатты. Келешек құс шаруашылығын кеңейтуді ойлайтын ол жақын арада шет елдерден тауықтың түрлі сортының жұмыртқасын алдырмақшы. Сондай-ақ, түрлі кәсіпті түлеткен кәсіпкердің жұбайы Айдана да үйден жайма, кеспе, тәтті нандар мен пирогтарды тапсырыспен жасауда.

Қармақшы ауданы бойынша Байқоңыр қаласын қоспағанда 4032 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ауыз толтырып айтарлықтай өсім бар, яғни – 120,6%. Оның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілер саны – 3 713. Ақтөбе және Ақжар ауылынан басқа елді мекендерде өткен жылмен салыстырғанда кәсіпкерлік нысандар көптеп ашылған. Ауданда жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілердің саны жалпы, тіркелгендер ішіндегі үлесі бойынша 92,1%-ті құрайды. Биыл ІІ тоқсан бойынша шағын және орта кәсіпкерліктегі жұмыспен қамтылғандар саны 5 022 адамды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 100%- ті құрап отыр. Ал шығарылған өнім көлемі 4,4 млрд теңгені құрап, 90,1%-ке орындалды.
«2022 жылдың 10 айында аудан бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,9 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 109,3%-ке, ал өңдеу өнеркәсібіндегі өнім көлемі 3,2 млрд теңгені құрап, 110,7%-ке орындалды. Жыл қорытындысымен өнеркәсіп өнімі 102,3%-ті өңдеу өнеркәсібі 105,7%-ті құрайды деп болжап отырмыз. Өнеркәсіп өнімінің көлемін негізінен өңделген күріш құрайды. Статистикаға сәйкес, өткен жыл көлемінде 8 875 тонна күріш өңделген болса, осы жылдың 10 айында 10 163 тонна күріш өңделген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 145,4%-ті құрады.

БӨЛІСУ