Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кәсіпкер жер учаскесін алу үшін аукционға негізсіз қатыспағаны жөнінде өтініш білдірген.
Аталған мәселе бойынша кәсіпкер ақпан айынан бастап өтініш білдірген. Алайда уәкілетті орган кәсіпкердің құжаттары толық еместігін алға тартып аукционға қатыстырмаған.
Департамент араласуымен тиісті орган мүшелерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде аукционға қатысу талаптары мен кәсіпкер өтініші қайта қаралды. Түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу қорытындысы бойынша, кәсіпкер мәлімдеген жер учаскесі сауда-саттыққа (аукционға) шығарылатын жерлер тізіліміне енгізілді. Осылайша кәсіпкер мамыр айында өткетін аукционға қатысуға мүмкіндік алды.
Кәсіпкер әкімшілік кедергілерден арашалаған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке алғысын білдірді.
– Аукционға қатыса алмай қалғанда қайда барарымды білмедім. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «Бизнеске жол» жобасы туралы естіп, өтініш білдірдім. Департамент мамандары менің мәселеме назар аударып, құжаттармен танысып, уәкілетті органмен кездестіріп, әкімшілік кедергілерден құтқарды. Аукционға қайта қатысуға мүмкіндік алып, қуанып отырмыз. Антикор мамандарына алғысымды білдіремін, – деді Жамиля Пиримова.