«ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заң 2023 жылдың 3 наурызында күшіне енгені белгілі. Ол бойынша қазақстандықтар банкроттықтың үш түрін қол- дана алады: соттан тыс банкроттық, сотпен банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.
Соттан тыс банкроттық рәсімі бойынша борышкер арыз беруі үшін оның екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдарының алдындағы қарызы 1600 АЕКтен аспауы тиіс. Сонымен қатар, мына- дай талаптар ескерілуі тиіс: ортақ меншіктегі мүлікті қоса алғанда, меншік құқығында мүліктің болма- уы, өтінім берген сәтке дейінгі соңғы 12 ай ішінде қарыздар бойынша төлем жасалмауы, соңғы жеті жылда соттан тыс банкроттық рәсімі жүр- гізілмеуі және борышкерге қатысты ҚР заңдарына сәйкес банктік қарыз шарты және микрокредит беру туралы шарт бойынша орындал- маған міндеттемелерді реттеу және өндіріп алу жөніндегі рәсімдердің жүргізілуі.
Соттан тыс банкроттыққа қарыз бойынша 5 жылдан астам уақыт бойы төлем жүргізбеген азаматтар арыз бере алады, оларға жоғарыда көрсетілген талаптар қолданылмай- ды.
Бір ескерте кететін жағдай, алты ай бойы атаулы әлеуметтік көмек алған адамға соңғы 12 ай ішінде төлем жасалмауы қажет деген талап қолданылмайды.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы тиісті құжаттар (арыз, қарыз сома- сы көрсетілген кредиторлар тізімі, орындалмаған міндеттемелерді реттеу және өндіріп алу жөніндегі рәсімдердің жүргізілгенін дәлелдей- тін құжат көшірмесі) жіберілгеннен кейін 15 жұмыс күні ішінде бастарту туралы хабарлама келеді немесе бастартпаған жағдайда 6 ай ішінде банкроттық рәсімі жүргізіледі.
Банкроттық нәтижесінде жеке тұлғаға «банкрот» мәртебесі беріледі.
Соттан тыс банкроттыққа құжат тапсырарда көптеген азаматтарда «орындалмаған міндеттемелерді реттеу және өндіріп алу жөніндегі рәсімдері» туралы сұрақтар туын-дауда.
«ҚР банктер және банк қызметі»
заңына сәйкес несиені төлеу мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде қарыз алушы – жеке тұлға банкке немесе микроқаржы ұйымына өзінің банктік қарыз шар- тының талаптарына өзгеріс енгі- зу туралы жазбаша өтініш беруге құқылы.
Борышкердің өтініші міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге және қаралуға жатады. Өтініште міндетті түрде қарызды төлей алмау себеп- тері көрсетіле отырып, осы жағдай- ды дәлелдейтін құжаттар қоса тір- келуі тиіс. Яғни, өзінің қаржылық немесе әлеуметтік қиындыққа тап болғанын борышкер өзі дәлелдеуі, дәлел құжаттарды ұсынуы керек. Осындай дәлел құжаттарды ұсынбау арызды қараусыз қалдыруға себеп болуы мүмкін.
Борышкер барлық құжаттарды түгел тапсырған жағдайда креди- тор арызды қарастырады. Ол со- нымен қатар, борышкердің төлем қабілеттілігі, әлеуметтікматери- алдық жағдайы, кепілге қойылған тұрғын үйдің жалғыз екендігі, қарыз бойынша міндеттемелерін уақы- тылы орындауы сияқты фактор- ларды да ескеруі тиіс. Нәтижесінде 15 күнтізбелік күн ішінде жауап беріледі. Банк немесе микроқаржы ұйымы шартқа өзгеріс енгізу туралы борышкер ұсынған ұсыныстармен келісуі мүмкін немесе өз ұсыныста- рын ұсынуы мүмкін немесе дәлелді себептерін көрсете отырып, өтінішті қанағаттандырудан бас тартуы мүмкін.
Борышкердің немесе кредитор- дың қарызды қайта құрылымдау туралы ұсыныстары мынадай болуы мүмкін: банктік қарыз шарты бойын- ша сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына қарай өзгерту; шетел ва- лютасымен берілген банктік қарыз бойынша негізгі борыштың қалдық сомасының валютасын ұлттық ва-
лютаға өзгерту; негізгі борыш және сыйақы бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыру; берешекті өтеу әдісін немесе берешекті өтеу кезек- тілігін, оның ішінде негізгі борышты басым тәртіппен өтей отырып өз- гертуге; банктік қарыз шартының қолданылу мерзімін өзгерту; мерзімі өткен негізгі борышты және сыйақы- ны кешіру, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) күшін жою.
Банктің немесе микроқаржы ұйы мының арызда көрсетілген талап- тардан бастарту туралы жауабы не- месе борышкердің арызына жауап бермеген жағдайда, арыз көшірмесі немесе арыздың электрондық фор- матта жіберілгені туралы растама осы рәсімнің жүргізілгенін растай- тын құжаттар болып табылады.
Жеке тұлғаның өзін банкрот деп тануы «жеті рет өлшеп, бір рет кесілетін» мәселе. Себебі, банкрот- тықтың жеке тұлға үшін салдары жоқ емес: банкрот болып танылған- нан кейін бес жыл ішінде несие не- месе микронесие берілмейді, кепіл, кепілгер бола алмайды (ломбардтан басқа), үш жыл бойы қаржылық жағдайына мониторинг жасалады және қайтадан банкрот ретінде жеті жыл өткен соң таныла алады.
АЙЖАН КЕСЕБАЕВА
ЗАҢГЕР